• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
18 Тамыз, 2016

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы  №4-1/364

285 рет
көрсетілді

2015 жылғы 23 сәуір,  Астана қаласы Астық сапасына сараптама жүргізу тәртiбiне және астық сапасы паспортын беруге қойылатын талаптарды бекiту туралы «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 10) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Астық сапасына сараптама жүргізу тәртiбiне және астық сапасы паспортын беруге қойылатын талаптар бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.МАМЫТБЕКОВ «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ___________ Е.ДОСАЕВ 2015 жылғы 9 маусым Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі №4-1/364 бұйрығымен бекітілген Астық сапасына сараптама жүргізу тәртiбiне және астық сапасы паспортын беруге қойылатын талаптар 1. Жалпы ережелер 1. Осы Астық сапасына сараптама жүргізу тәртiбiне және астық сапасы паспортын беруге қойылатын талаптар (бұдан әрi – Талаптар) «Астық туралы» 2001 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi және астық сапасына сараптама жүргізу тәртiбiне және астық сапасы паспортын беруге қойылатын талаптарды айқындайды. 2. Осы Талаптарда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) аккредиттеу саласы – аккредиттеу қолданылатын, сәйкестiктi бағалаудың ресми танылған объектiлерi; 2) астық партиясы – атауы (түрі) бір, сапасы бойынша біртекті, бір уақытта қабылдауға, тиеп жөнелтуге және (немесе) сақтауға арналған, астық сапасы туралы бір құжатпен ресiмделген астық мөлшері; 3) астық сапасына сараптама жүргізу – көлік құралын (қойманы) тексеруді, сынаманы іріктеу мен сынауды, астық сапасы паспортын ресімдеуді қамтитын астық сапасының нақты көрсеткіштерін белгілеу мен растауға бағытталған шаралар кешені; 4) астық сапасына сараптама жүргізу жөнiндегi зертхана – астық сапасына сараптама жүргiзу және астық сапасы паспортын беру құқығына Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасында көзделген тәртiппен аккредиттелген астық сапасына сараптама жүргізу жөнiндегi зертхана (бұдан әрі – зертхана); 5) астық сапасының паспорты – астық сапасының нақты көрсеткiштерiн және олардың стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына және (немесе) келісімшарт талаптарына сәйкестiгiн куәландыратын құжат; 6) өтiнiм берушi – астық сапасына сараптама жүргiзуге өтiнiм берген жеке немесе заңды тұлға; 7) сынау – стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда белгiленген рәсімге сәйкес астықтың бiр немесе бiрнеше сипаттамаларын анықтаудан тұратын техникалық операция. 3. Зертхана жүзеге асыратын астық сапасына сараптама жүргізу жөнiндегi жұмыс түрлерi аккредиттеу саласында анықталады және аккредиттеу жөніндегі орган берген аккредиттеу аттестатымен расталады. 4. Астық сапасы паспорттарының бланкiлерi үш парақты нысаннан (түпнұсқа, телнұсқа, көшірме) тұрады және қатаң есептілік бланкiлері болып табылады. Астық сапасы паспорт­тарының шығарылатын бланкілерін есепке алуды ұйымдастыру мақсатында астық сапасы паспортының түпнұсқасында, телнұсқасында және көшiрмесінде бiрдей нөмiрі болады. 5. Астық сапасы паспортының түпнұсқасы сұр түсті, астық сапасы паспортының телнұсқасы – көгілдір түсті, астық сапасы паспортының көшiрмесi – көк түсті болады. 6. Астық сапасы паспорты бланкісінің үш қорғаныс дәрежесi бар: 1) нөмірленуі; 2) «Паспорт» деген су белгісі; 3) рамкасы. Бланкілердің қорғаныс дәрежесiн өзгертуге және толықтыруға жол берілмейді. 2. Астық сапасына сараптама жүргізу тәртiбiне қойылатын талаптар 7. Астық сапасына сараптама жүргізу төменде көрсетілген талаптарға сәйкес жүргізіледі: 1) өтiнiм берушi зертханаға осы Талаптарға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада астық сапасына сараптама жүргізуге өтінім береді (бұдан әрі – өтінім), ол осы Талаптарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша астық сапасына сараптама жүргізуге арналған өтінімдерді тіркеу журналында тiркеледі. Өтінімнің бір данасы өтiнiм берушiге қайтарылып, өтiнiмнің қабылданғаны туралы белгі қойылады; 2) астық сапасына сараптама жүргізу зертхана мен өтiнiм берушi арасында жасалған астық сапасына сараптама жүргізу бойынша жұмыс жүргiзу туралы шарттың негiзiнде жүргiзiледі. 8. Астық сапасына сараптама жүргізу: 1) көлiк құралын (қойманы) тексеруді; 2) сынаманы іріктеу мен сынауды; 3) астық сапасы паспортын ресiмдеуді қамтиды. 9. Көлiк құралын астықты тиеу сәтiне дейiн бөтен заттардың, астық қалдығының, бөтен иiстiң болуына және зиянкестермен залалдануына тексеруді зертхана маманы жүргізеді. 10. Осы Талаптардың 9-тармағында көрсетілген жағдайлардың біреуі анықталған жағдайда осы Талаптарға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралын жарамсыз деп тану актісі жасалады, оған зертхананың маманы, астық қабылдау кәсiпорны мен өтiнiм берушiнiң өкiлдерi қол қояды. 11. Қоймада сақталып тұрған астықтың сапасына сараптама жүргізу кезiнде зертхана маманы қойманың зиянкестермен залалданғанына, ластанғанына тексеру жүргiзеді. Зертхана маманы зиянкестермен залалданғанын және ластанғанын анықтау үшiн қойманың толтырылмаған бөлiгiнен, технологиялық жабдықтан астықтың шашындысын, сыпырындысын іріктеп алады. Қойманың стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарынан және (немесе) келісімшарт талаптарынан асатын залалданғаны анықталған жағдайда, астық сапасына сараптама жүргізу тоқтатылады және еркін нысанда акт жасалады, оған зертхананың маманы, астық қабылдау кәсiпорны мен өтiнiм берушiнiң өкiлдерi қол қояды. 12. Сынамаларды іріктеу астық қабылдау кәсiпорны өкiлiнiң қатысуымен, өтiнiмде көрсетiлген сынамаларды іріктеу әдiсiне сәйкес жүргiзiледі. Сынамаларды іріктеу осы Талаптарға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сынамаларды іріктеу актiсімен ресiмделеді. Сынамалар осы Талаптарға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша астық сынамаларын тiркеу журналында тiркеледі. 13. Сынақтар өтiнiмде көрсетiлген сапа көрсеткiштерi, стандарттар бойынша зертханада жүргізiледі. Сынақтарды жүргізудің ұзақтығы астық сапасына сараптама жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргiзу туралы шартты жасасу кезінде келісіледі. Астық сапасы өтiнiм шарттарына сәйкес келмеген кезде зертхана меңгерушісі осы Талаптарға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша астық сапасы паспортын беруден бас тарту туралы шешімді ресiмдейді. Бұл ретте, өтінім беруші зертханаға нақты орындалған жұмыстардың құнын төлейді. 14. Асыра тиелгендік, қосымша сараптау қажеттілігі немесе уақытша жарамсыздық орын алған жағдайда, қосалқы мердiгерлік шартымен басқа зертхананың нәтижелерi қабылданады. Бұл жағдайда іріктеп алынған, мөрленген және зертхананың маманы мен өтінім беруші қол қойған сынама осы Талаптарға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініммен бірге басқа зертханаға жіберіледі. Осы көрсеткіш бойынша сынақ жүргізген зертхана осы Талаптарға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сынақ хаттамасын береді. 15. Өтiнiм талаптарын қанағаттандыратын астық сапасына сараптама жүргізу нәтижелерiн алған кезде зертхананың маманы астық сапасы паспортын ресімдейді. Астық сапасы паспортының түпнұсқасы осы Талаптарға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, астық сапасы паспортының телнұсқасы 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша және астық сапасы паспортының көшiрмесi 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анық толтырылады. Оларға түзетулер қате жазуды сызу, «Түзетулерге сену қажет» деген жазу енгізу, мөр мен қол қою арқылы жүргізіледі. Астық сапасының көрсеткіштерін түзетуге жол берілмейді. 16. Астық сапасының паспорты мыналары қамтиды: 1) сыртқы экономикалық қызмет тауарлық номенклатурасының коды (бұдан әрі – СЭҚ ТН); 2) берiлген күнi, айы, жылы – айы жазбаша көрсетiледi; 3) қолданылу мерзiмi; 4) жөнелтушi – жөнелтушiнiң атауы көрсетiледi; 5) жөнелту пунктi – жөнелту станциясының атауы көрсетiледi; 6) астық қабылдау кәсiпорнының атауы; 7) көлiк құралы (қойма) № – автокөлiктiң, вагонның, кеменiң немесе қойманың нөмiрi көрсетiледi; 8) массасы – партияның массасы килограммен көрсетіледі; 9) орын саны – ыдысқа салынған жүктер үшiн көрсетіледі немесе «үюлi түрде» деген жазумен – ыдыссыз жүктер үшiн көрсетiледi; 10) алушы – алушының атауы және елi көрсетіледі; 11) межелі пункт – межелі станцияның атауы көрсетіледі; 12) стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар және (немесе) келісімшарт – стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттың нөмiрi және (немесе) келісімшарттың нөмiрi мен күнi көрсетіледі; 13) дақылдың атауы – астықтың осы түрiне арналған стандарттау жөніндегі нормативтік құжат бойынша дақылдың атауы көрсетіледі, жүгерiге «астықта» немесе «собықта» деген сөздер қосылады, астық қоспасында қоспаның құрамы пайызбен көрсетіледі; 14) түрі – стандарт бойынша түрдің нөмірі рим цифрімен қойылады. Түрлердің қоспасына нөмірлерді және олардың құрамын көптігіне қарай қою керек; 15) кіші түрі – кіші түрдің нөмірі араб цифрімен қойылады. Кіші түрдің қоспасында кіші түрдің нөмірлері олардың көптігіне және құрамына қарай көрсетіледі; 16) сынып – сынып нөмiрi стандарттау жөніндегі нормативтік құжатқа сәйкес араб цифрімен қойылады. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжат бойынша төменгi сыныптың нормаларын қанағаттандырмайтын астықты сыныпсыздық белгiсiн көрсету арқылы «сыныпсыз» деп айқындайды. Жарма дақылдарының астығына – егер ол стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттың талаптарына сай болмаса «стандартты» немесе «стандартсыз» деп көрсету керек; 17) түсi – стандарттау жөніндегі нормативтік құжатқа сәйкес түстің сипаттамасы берiледі. Түссiз бидай түссiздену дәрежесiмен сипатталады, мысалы: «II дәрежеде түссiзденген», қарайған астық «қарайған» деп анықталады; ұнды дәндер қоспасы есебiнен түсi бойынша ауытқуы бар қатты бидай - «түсi бойынша сай емес» деп айқындалады; 18) иiсi – стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттың талаптарына сәйкес көрсетiледі. Егер өтiнiштiң талаптарында басқа өзіндік емес иiстiң болуына жол берiлсе, иiстiң атауы көрсетiлуi тиiс; 19) залалдануы – астық қорының зиянкестерiмен астықтың бүлiнуi және бүлiнудiң дәрежесi көрсетіледі. Бүлiну болмаған жағдайда, «айқындалған жоқ» деп көрсетілуі тиіс; 20) заттай күйі – 1 граммға дейiнгі дәлдiкте граммен қойылады. 21) ылғалдылығы – стандарттау жөніндегі нормативтік құжатта көзделген дәлдікпен ылғалдың нақты құрамы көрсетiледі. Жүгерi собықта болған жағдайда, астықтың ылғалдылығы бөлшекпен белгіленеді, бөлiндiде – астықтың ылғалдылығы, бөлгiште – сабақтың ылғалдылығы көрсетілуі тиіс; 22) жылтырлығы – 1 %-ға дейiнгі дәлдiкпен бидайға және күрiшке көрсетіледі; 23) дән маңызының массалық үлесi – бидай дәніне 1 %-ға дейiнгі дәлдiкпен шикi дән маңызының мөлшері қойылады; жуылмайтын дән маңызы бар бидайға – «жуылмайтын» деп жазу керек; 24) дән маңызының индексі – бүтін санмен қойылады; 25) дән маңызының сапасы – шартты (бүтін) бiрлiктердiң саны көрсетiледі; 26) тобы – жазбаша жазылады (бiрiншi, екiншi, үшiншi), «жуылмайтын» кезде – бағанда сызықша қойылады; 27) арамшөп қоспасы – арамшөп қоспасы фракцияларының қосындысы 0,1 %-ға дейiнгі дәлдiкпен қойылады; 28) дәндiк (майлы) қоспа – дәндiк (майлы) қоспа фракцияларының қосындысы 0,1 %-ға дейiнгі дәлдiкпен қойылады. Егер арамшөп қоспасы немесе дәндiк (майлы) қоспа анықталмаған жағдайда, «0,0 %» көрсетiлуi тиiс, қоспа 0,05 %-дан кем болған жағдайда – нақты мөлшері қойылады, мысалы: «0,04 %» немесе «0,01 %»; 29) құлау саны – секундтағы құлау санының көрсеткiшi мен сынау әдiсi көрсетiледі; 30) ақуыз – сынау әдiсiн көрсете отырып, абсолюттi құрғақ затқа арналған ақуыздың (протеиннiң) құрамы көрсетiледі; 31) ерекше белгiлер – қажет болған кезде көрсетiледі: егер астық кептiрiлген болса – «кептiрiлген»; газдау және газсыздандыру күндерi, фумиганттың атауы (eгep астық фумигацияланған болса); астықтан металмагниттi қоспа табылған жағдайда, оның массасы 1 килограмм астықта 1 миллиграммға дейiнгі дәлдiкпен көрсетiледi; бидай қандала-бақашықпен зақымданған жағдайда, осы зиянкеспен зақымданған дәннiң көлемі 0,1 %-ға дейiнгі дәлдiкпен көрсетіледі; бидайда, тарыда қаракүйелі дән қоспалары болған кезде – олардың көлемі 0,1 %-ға дейiнгі дәлдiкпен көрсетіледі; ақаулық дәрежесi (ашыған, зеңді-көгерген, шiрiген-көгерген иiсi бар астыққа); 32) қосымша көрсеткiштер – мұнда: стандарттау жөніндегі нормативтік құжатта көзделмеген, бiрақ келісімшартта ескертілген сапа көрсеткiштерi, оларды сынау әдiстемесi және осы сынау әдiстемесiнде көзделген дәлдiктегi нәтижелер; астық сапасы паспортының бланкiсінде көрсетілмеген бағандар бойынша стандарттау жөніндегі нормативтік құжатпен көзделген сапа көрсеткiштерi көрсетiледі: ашытқы және спирт өндiрiсiне жеткiзiлетiн сыра қайнататын арпа және басқа дәндi дақылдар – өну қабiлетi (5-шi күнi) немесе 1 %-ға дейiнгі дәлдiкпен өмiрге қабiлеттiлігi (сыра қайнататын арпа) көрсетіледі; қарақұмық, тары, күрiш және жармалық сұлы – қауыздылығы 0,1 %-ға дейiнгі дәлдiкпен көрсетiледi; жарма өндiруге тиеп жөнелтiлетiн сұлы, тары және қарақұмық – ядросының құрамы 0,1 %-ға дейiнгі дәлдiкпен көрсетiледi; кенепшөп және салалы зығыр майтұқымы – тазалығы 0,1 %-ға дейiнгі дәлдiкпен көрсетiледi; жасымақ, асбұршақ, үрмебұршақ дән қоңызымен және жапырақ ширатқыш көбелекпен зақымданған кезде – зақымданған дәннің мөлшері 0,01 %-ға дейiнгі дәлдiкпен белгіленедi; дайындалатын және жемдiк сұлы – стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттың талаптарына қарай мәдени өсiмдiктердiң тұқымы мен дәнiнiң құрамы жиынтық бойынша немесе жеке-жеке көрсетіледі, бұдан басқа, жемдiк сұлыға – металмагниттi қоспаның болуы 1 килограмға 1 миллиграмға дейiнгі дәлдiкпен және бөлшектердiң мөлшерi көрсетiледi; собықтағы жүгерi – дәннің шығымы 0,1 %-ға дейiн дәлдiкпен қойылады; күрiш – қызыл, сарғайған және глютинозды дәндердің болуы 0,1 %-ға дейiнгі дәлдiкпен жеке-жеке көрсетiледi; қарақұмық және жармалық сұлы – астық қорларының өлi зиянкестерi санының данасы көрсетiледi; тары – сұр, қара қоңыр және қара түстес гүл қабыршақтары бар дәндердiң құрамы 0,1 %-ға дейiнгі дәлдiкпен көрсетiледi; балалар тағамына арналған тары, сұлы және қарақұмық – сәйкестiк сертификаттың нөмiрi көрсетiледi; күнбағыс тұқымы – майдың қышқылдық саны калий су қышқылымен 0,1 мг дейінгі дәлдiкпен көрсетiледi; азықтық бөрiбұршақ – бөрiбұршақтың алколоидты тұқымының болуы 0,1 пайызға дейiнгі дәлдiкпен көрсетiледi; жармалық сұлы – бидайдың, полбаның, қара бидайдың және арпаның қосынды құрамы 0,1 %-ға дейiнгі дәлдiкпен көрсетiледi; балалар тағамына арналған дайындалатын және жармалық сұлы, қарақұмық, күрiш – қышқылдығы 1 градусқа дейiнгі дәлдiкпен көрсетiледi; мақта тұқымы – тұқымның толық түктiлігі 0,1 %-ға дейiнгі дәлдiкпен көрсетiледi; 33) астық сапасы паспортын берген зертхананың атауы – зертхананың толық атауы көрсетiледi; 34) аттестаттың № – зертхананы аккредиттеу аттестатының нөмiрi көрсетiледi; 35) қолы – зертхана маманының қолы қойылады; 36) мөр орны (бар болған жағдайда) – зертхананың мөрi (бар болған жағдайда) қойылады. 17. Егер стандарттау жөніндегі нормативтік құжатта және (немесе) келісімшартта түрлерi, түртармағы, сыныбы немесе жоғарыда көрсетiлген көрсеткiштер көзделмесе, онда тиiстi бағанда сызықша қойылады. 3. Астық сапасының паспортын беруге қойылатын талаптар 18. Астық сапасының паспортын беру сынақтар жүргізiлгеннен кейiн үш сағаттан кешiктірмей жүргізiледі. 19. Астық сапасының паспорты бiр мекенжайға көлiк құралының бiр түрiмен (автомобиль, вагон, кеме) тиеп жөнелтiлетiн немесе бiр уақытта сақтауға арналған астықтың әрбiр біртекті партиясына берiледi. Астық сапасының паспорты жүргізілген сынақтар туралы жазбалардың (сынақтар хаттамасы немесе тiгiлген, нөмiрленген, зертхана меңгерушiсiнiң қолымен бекiтiлген және зертхананың мөрімен расталған осы Талаптарға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сынақтар нәтижелерін тіркеу журналы) негiзiнде берiледi. 20. Астық сапасы паспортының түпнұсқасы мен телнұсқасы өтiнiм берушiге берiледі. Астық сапасы паспортының көшiрмесi зертханада қалады және берілген сәтінен бастап үш жыл ішінде сақталады. 21. Астық сапасы паспортының қолданылу мерзiмі зертханада белгiленедi, бiрақ ол күнтiзбелiк отыз күннен аспайды. 22. Зертхананың маманы мен өтiнiм берушiнің өкілі буып-түйген және мөрлеген астық сынамаларын зертханада мына мерзiм iшiнде: 1) тиеп жөнелтiлген және сақталудағы партияларға – астық сапасы паспортының қолданылу мерзiмі iшiнде; 2) сапа бойынша келіспеушiлiктер кезінде – түсiнiспеушiлiктердi қарауды толық аяқтағанға дейiн сақталады. Астық сапасына сараптама жүргізу тәртібіне және астық сапасы паспортын беруге қойылатын талаптарға 1-қосымша Нысан 20 __ жылғы «___»______________ №_____ астық сапасына сараптама жүргізуге арналған өтінім Өтінім беруші __________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) Мекенжайы ____________________________________________________ Телефоны/факсы _______________________________________________ Алушы ____________________, межелі станция _____________________ ________________________________________ тиеп жөнелтуге арналған, (жеткізілетін ел) ________________________________________ астық қабылдау кәсіпорнында (астық қабылдау кәсіпорнының атауы) сақтаулы, салмағы _____ тонна болатын _________________________________________________________________________________________________________ астығы (дақылдың атауы) партиясының сапасына сараптама жүргізуді сұраймыз. Сараптама жүргізуге жататын астық _______________________________ ___________________________________________________________________ (стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттың және (немесе) келісімшарттың нөмірі) талаптарына сай болуы тиіс. Тиеп жөнелту _______________________________________ жүргізіледі. (тиеп жөнелту күні) Сынамаларды іріктеу ___________________________ сәйкес жүргізіледі. (стандарт нөмірі) Сынақтар мынадай көрсеткіштер мен сынақ әдісі бойынша жүргізіледі: _________________ _________________ ___________________ (көрсеткіш атауы) (стандарт нөмірі) (келісімшарт талабы) _________________________ ______________________ ___________________ _________________________ ______________________ ___________________ _________________________ ______________________ ___________________ Астықтың сапасына сараптама жүргізу рәсімімен байланысты шығындарды оның нәтижелеріне қарамастан ____________ шартқа сәйкес төлеуге міндеттенеміз. Өтінім беруші ________ _________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) Мөр орны (бар болған жағдайда) Қабылданды: _______________________________________________________________ (басшының қолы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), лауазымы, зертхананың атауы) Күні: «__» _____________ 20 ___ жыл. Астық сапасына сараптама жүргізу тәртібіне және астық сапасы паспортын беруге қойылатын талаптарға 2-қосымша Нысан Астық сапасына сараптама жүргізуге арналған өтінімдерді тіркеу журналы Өтінім № Күні Өтінім беруші (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) Дақылдың атауы Астық партия-сының массасы,тонна Келісімшарттың № Астық сынамалары алынатын астық қабылдау кәсіпорнының атауы (жіберу станциясы) Межелі станция Өтінім қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) Өтінімнің орындалуы туралы белгі 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Ескертпе: журнал тiгiледі, нөмiрленеді, зертхана меңгерушiсiнiң қолымен бекiтiледі және зертхана мөрімен расталады. Астық сапасына сараптама жүргізу тәртібіне және астық сапасы паспортын беруге қойылатын талаптарға 3-қосымша Нысан Көлік құралын жарамсыз деп тану актісі 20___ жылғы «___» __________ ___________________________________________________________________ (астық қабылдау кәсіпорнының атауы) Мынадай құрамдағы комиссия: астықтың сапасына сараптама жүргізу жөніндегі зертхананың маманы ____________________________________________________ ___________________________________________________________________, (зертхананың атауы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) өтінім берушінің өкілі __________________________________________________, (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) астық қабылдау кәсіпорнының өкілі ___________________________________ ___________________________________________________________________ (астық қабылдау кәсіпорнының атауы, лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) көлік құралдары: ____________________________________________________ ___________________________________________________________________ __________________________________________________________________ (көлік құралдарының атауы және нөмірлері) бөтен заттардың, астық қалдығының, бөтен иістің, зиянкестермен залалдануы (керегінің астын сызу қажет) болғандықтан астықты тасымалдау үшін жарамсыз деп белгіледі. Қолдары: Зертхана маманы: _________________________ Өтінім берушінің өкілі: _________________________ Астық қабылдау кәсіпорнының өкілі: _________________________ Астық сапасына сараптама жүргізу тәртібіне және астық сапасы паспортын беруге қойылатын талаптарға 4-қосымша Нысан 20 ___ жылғы «___» _______________ Сынамаларды іріктеу aктiсі Мен, _______ ____________________________________________________ маманы, (зертхананың атауы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) _____________________________________________________________ қатысуымен (астық қабылдау кәсiпорны өкiлiнiң лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) _____________________________________________________________ қатысуымен (өтiнiм берушi өкiлiнiң лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) _________________________________________________________________________ (сынамалар іріктелген орын: астық қабылдау кәсiпорнының атауы) келесі көрсеткiштер _________________________________________ бойынша ___________________________________________________________________ астық сапасының __________________ талаптарына сәйкестігіне сынақ жүргізу үшін ______________________________ № _______________ силоста сақтаулы партиядан салмағы ____________ тонна _______________________________________________ ___________________________________________ сәйкес сынамалар алынды. (нормативтік құжат) Салмағы 2000 грамм сынама, астықты тиеп жөнелту кезiнде әрбiр вагондық партиядан алынды, ____________________________ буып-түйілді, мөрленді және ____________ ________________________________________________________ сақтауға арналған. (астық сапасына сараптама жүргізу жөнiндегi зертхананың атауы) Ескерту: бiр сынамаларды іріктеу aктiсі бiр өтiнiм берушiмен бiр келісімшарт бойынша бiр күн iшiнде тиеп жөнелтілетін астықтың вагондық партиясына әрбiр ыдыс-орынды (вагонды) көрсете отырып жасалуы мүмкін. Вагондардың нөмірлері: _________________________________________ Салмағы 2000 грамм сынама ___________________________ буып-түйілді, ______________________________________________________ мөрлендi және (кiм, қалай) _________________________________________________________ жiберуге арналған. (астықтың сапасына сараптама жүргізу жөнiндегi зертхананың атауы) Сынамалар алу уақыты: __ сағат__ минуттан бастап, __ сағат __ минутқа дейiн. Маман: ____________ ___________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) Астық қабылдау кәсіпорнының өкiлi: ______________________________ ___________________________________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) Өтiнiм берушiнiң өкiлi: __________ ___________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) Астық сапасына сараптама жүргізу тәртібіне және астық сапасы паспортын беруге қойылатын талаптарға 5-қосымша Нысан Астық сынамаларын тiркеу журналы Р/с № Күні Өтінім беруші (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) Дақылдың атауы Көлiк құралының (қойманың) № Партияның массасы, кг Сынамалар іріктеу жүргiзiлген астық қабылдау кәсіпорнының атауы Сынаманы қабылдаған маманның тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағ-дайда), қолы 1 2 3 4 5 6 7 8 Ескертпе: журнал тiгiледі, нөмiрленеді, зертхана меңгерушiсiнiң қолымен бекiтiледі және зертхана мөрімен расталады. Астық сапасына сараптама жүргізу тәртібіне және астық сапасы паспортын беруге қойылатын талаптарға 6-қосымша Нысан Астық сапасының паспортын беруден бас тарту туралы шешім ___________________________________________________________________ (зертхана атауы) _____________________________________ аккредиттелген сынау зертханасы Заңды мекенжайы ______________________________________________ ___________________________________________________________________ Телефоны/факсы ______________________________________________ ___________________________________________________________________ (астық қабылдау кәсіпорнының атауы) ______________________ астық қабылдау кәсіпорнында сақталып тұрған массасы ______ тонна ____________________________ астығы партиясының (дақылдың атауы) сапасына сараптама жүргізуге берілген _________________________________ (өтінім берушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), мекенжайы) ___________________________________________________________________ 20___ жылғы «___» ___________________ № _______ өтінімін қарап, оны (өтінім №) қанағаттандырудан келесі себептер бойынша бас тартамыз: __________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ Зертхана меңгерушісі:: __________ ________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) Мөр орны (бар болған жағдайда) Күні: «___» ___________ 20 ___ жыл. Өтінім беруші: ___________ ____________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) Астық қабылдау кәсіпорнының өкiлi: __________________________ ________________________________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) Астық сапасына сараптама жүргізу тәртібіне және астық сапасы паспортын беруге қойылатын талаптарға 7-қосымша Нысан Өтiнiм ___________________________________________________________________ (сынаманы сынаққа жiберiп отырған астық сапасына сараптама жүргізу жөніндегі зертхананың атауы) ___________________________________________________________________ (сынама жiберiлiп отырған астық сапасына сараптама жүргізу жөніндегі зертхананың атауы) ____________________________________________________ астығының (дақылдың атауы) ______________________________________________________ сынамаларына (сынамалардың тiркеу нөмiрлерi) ___________________________________________________________________ (көрсеткiштiң атауы және сынақ әдiсi) ______________________ көрсеткiштері бойынша сынақ жүргізуді сұраймыз. Зертхана меңгерушісі: ___________ __________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда) Мөр орны (бар болған жағдайда) Күні: «___» _____________ 20 ___ жыл. Астық сапасына сараптама жүргізу тәртібіне және астық сапасы паспортын беруге қойылатын талаптарға 8-қосымша Нысан № ___ сынақ хаттамасы ___________________________________________________________________ (астық сапасына сараптама жүргізу жөніндегі зертхананың атауы) ___________________________________________________________________ (аккредиттеу аттестатының №) ___________________________________________________________________ (мекенжайы) Өтiнiм берушiнiң атауы _________________________________________ Дақылдың атауы _______________________________________________ Сынама _______________________________________________ іріктелді. (кім, қайда) Сынаманың массасы ____ килограмм. Түскен күнi «___» ____ 20__ жыл. _________________________________________________________ өтiнiмi бойынша (астық сапасына сараптама жүргізу жөнiндегi зертхананың атауы) Сынақ жүргiзiлген күн «___» _____________ 20___ жыл. Сапа көрсеткiштерi Сынақ әдiсi Нақты нәтиже 1 2 3 Қоршаған орта жағдайы: Қоршаған орта температурасы: ________ оС. Салыстырмалы ылғалдылық: ________ %. Орындаушылар: Маман: _______________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), қолы) Зертхана меңгерушiсi: __________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда), қолы) Мөр орны (бар болған жағдайда) Берiлген күнi: «___» ___________ 20 ___ жыл. Астық сапасына сараптама жүргізу тәртібіне және астық сапасы паспортын беруге қойылатын талаптарға 9-қосымша Нысан № _________ Астық сапасы паспорты ________________________________ |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__| СЭҚ ТН коды «___» ______________ 20___ жыл. «___» ______________ 20___ жылға дейiн жарамды. Жiберушi _____________________________________________________ Жiберу пунктi _________________________________________________ Астық қабылдау кәсіпорнының атауы _____________________________ Көлiк құралының (қойманың) № __________________________________ Массасы __________ килограмм. Орын саны _______________________ Алушы _______________________________________________________ Межелі пунктi _________________________________________________ Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар және (немесе) келісімшарт ______________________________________________________________ Дақылдың атауы _______________________________________________ Түрі ______________. Кіші түрі _______________. Сыныбы __________. Сапа көрсеткіштерi: Түсi _______. Иiсi __________. Залалдануы ________________________. Заттай күйі ____ грамм/литр. Ылғалдылығы ___ %. Жылтырлығы ___%. Дән маңызының массалық үлесi _____%. Дән маңызының индексі _____. Дән маңызының сапасы _______ шартты бірлік. Тобы _______________. Қоспалар: Арамшөп қоспасы _____________ %. Дәндiк (майлы) қоспа __________ %, оның ішінде: _______________________________ % _______________________________ % _______________________________ % Құлау саны ________________ секунд. Ақуыз ____________________ %. Ерекше белгiлер ________________________________________________ ___________________________________________________________________ Қосымша көрсеткіштер _________________________________________ ___________________________________________________________________ Астық сапасы паспортын берген зертхананың атауы _________________ ___________________________________________________________________ Аттестаттың №___________. Қолы _________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)) Мөр орны (бар болған жағдайда) Астық сапасына сараптама жүргізу тәртібіне және астық сапасы паспортын беруге қойылатын талаптарға 10-қосымша Нысан № _________ Астық сапасы паспортының телнұсқасы ________________________________ |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__| СЭҚ ТН коды «___» ______________ 20___ жыл. «___» ______________ 20___ жылға дейiн жарамды. Жiберушi _____________________________________________________ Жiберу пунктi _________________________________________________ Астық қабылдау кәсіпорнының атауы _____________________________ Көлiк құралының (қойманың) № __________________________________ Массасы __________ килограмм. Орын саны _______________________ Алушы _______________________________________________________ Межелі пунктi _________________________________________________ Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар және (немесе) келісімшарт ______________________________________________________________ Дақылдың атауы _______________________________________________ Түрі ______________. Кіші түрі _______________. Сыныбы __________. Сапа көрсеткіштерi: Түсi _______. Иiсi __________. Залалдануы ________________________. Заттай күйі ____ грамм/литр. Ылғалдылығы ___ %. Жылтырлығы ___%. Дән маңызының массалық үлесi _____%. Дән маңызының индексі _____. Дән маңызының сапасы ______ шартты бірлік. Тобы ________________. Қоспалар: Арамшөп қоспасы _____________ %. Дәндiк (майлы) қоспа __________ %, оның ішінде: _______________________________ % _______________________________ % _______________________________ % Құлау саны ________________ секунд. Ақуыз ____________________ %. Ерекше белгiлер ________________________________________________ ___________________________________________________________________ Қосымша көрсеткіштер __________________________________________ ___________________________________________________________________ Астық сапасы паспортын берген зертхананың атауы _________________ ___________________________________________________________________ Аттестаттың №___________. Қолы ________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)) Мөр орны (бар болған жағдайда) Астық сапасына сараптама жүргізу тәртібіне және астық сапасы паспортын беруге қойылатын талаптарға 11-қосымша Нысан № _________ Астық сапасы паспортының көшірмесі ____________________________ |__|__|__|__|__|__|__|__|__|__| СЭҚ ТН коды «___» ______________ 20___ жыл. «___» ______________ 20___ жылға дейiн жарамды. Жiберушi _____________________________________________________ Жiберу пунктi _________________________________________________ Астық қабылдау кәсіпорнының атауы _____________________________ Көлiк құралының (қойманың) № __________________________________ Массасы __________ килограмм. Орын саны _______________________ Қабылдаушы __________________________________________________ Межелі пункт __________________________________________________ Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар және (немесе) келісімшарт ______________________________________________________________ Дақылдың атауы ____________________________________________________ Түрі _____________. Кіші түрі ____________. Сыныбы ______________. Сапа көрсеткіштерi: Түсi ________. Иiсi _____________. Залалдануы ____________________. Заттай күйі ____ грамм/литр. Ылғалдылығы ___ %. Жылтырлығы ___%. Дән маңызының массалық үлесi_____%. Дән маңызының индексі _____. Дән маңызының сапасы _______ шартты бірлік. Тобы _______________. Қоспалар: Арамшөп қоспасы _____________ %. Дәндiк (майлы) қоспа __________%, оның ішінде: _______________________________ % _______________________________ % _______________________________ % Құлау саны ________________ секунд. Ақуыз ____________________ %. Ерекше белгiлер ________________________________________________ ___________________________________________________________________ Қосымша көрсеткіштер __________________________________________ ___________________________________________________________________ Астық сапасы паспортын берген зертхананың атауы _________________ ___________________________________________________________________ Аттестаттың №___________. Қолы ________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда)) Мөр орны (бар болған жағдайда) Астық сапасына сараптама жүргізу тәртібіне және астық сапасы паспортын беруге қойылатын талаптарға 12-қосымша Нысан Сынақтар нәтижелерін тіркеу журналы Р/с № Сапа көрсеткіштері Ескерту (басқа зертхананың нәтижелері) Сынақ жүргізген маманның қолы Астық сапасы паспортының № Астық сапасының паспортын алғаны туралы өтініш берушінің қолы 1 2 3 4 5 6 7 8 Ескертпе: журнал тiгiледі, нөмiрленеді, зертхана меңгерушiсiнiң қолымен бекiтiледі және зертхана мөрімен расталады. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 8 шілдедегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11581 болып енгізілді.